preloader

Жаңалықтар

Іле ауданында «Қолдан қолға» қайырымдылық акциясы өткізілді

Іле ауданында «Қолдан қолға» қайырымдылық акциясы өткізілді

Алматы облысына қарасты Іле ауданында «Қолдан қолға» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Аудан бас имамы Дархан Аманұлының ұйымдастыруымен және жомарт азаматтардың қолдауымен жүзеге асқан игі шара барысында жергілікті 20 отбасыға, атап айтқанда көпбалалы және жалғызбасты аналарға, жалдамалы пәтерде тұратын жандарға, науқас адамдарға 50 000 теңгеден үлестірілді. Ақшалай көмектің жалпы сомасы 1 000 000 теңгені құрады.

Сондай-ақ, Дархан Аманұлы «Рамазан – мейірім айы, зекет айы» тақырыбында насихат айтып, берекелі айда жасаған қайырымдылы істер үшін сауаптардың еселенетінін тілге тиек етті.