Іле ауданында «С» санатындағы дін қызметкерлеріне Құраннан сайыс өтті
Алматы облысы, Іле ауданына қарасты Жайнақ ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен ауданның «С» санатындағы дін қызметкерлерінің емтиханына байланысты дайындық ретінде Құраннан сайыс өтті.
Сайысқа ауылдың бас имамдары, дін қызметкерлері қатысты.
Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы сайыстың мән-мағынасын түсіндіріп, төрелік еткен Алматы облысы бойынша діни оқу-ағарту бағытына жауапты имам Сакен Еншібайұлы мен Алматы облысының құран секторының жетекшісі Рахимов Абдыхалық қариды таныстырды.
Имамдар құраннан сұрақтарға жауап берді.
І орынды Батыр ауылы, “NUR-ISLAM” мешітінің имамы Ментаев Алишер иеленіп, (70 000 тг) ұтып алды. ІІ орын Чапай ауылдық «Бекет ата» мешітінің имамы Махмуд Абдул Кудус (50 000 тг) бұйырса, ІІІ орынды Жапек батыр ауылдық «Маметалы» мешітінің имамы Пернебекұлы Темірбек (30 000 тг) иеленді.
Сайыс соңында үлкен ақсақалдар батасын беріп, дін қызметкерлеріне арнайы дастарқан жайылды.



