Іле ауданындағы Құран курсы шәкірттері Көлсай көліне саяхат жасады
Алматы облысы, Іле ауданы, Н.Тілендиев ауылындағы “Сманқұл” мешітінің Құран курсы шәкірттері «Дархан дала» жобасы аясында Көлсай көліне саяхат жасады.
Бұл шараның негізгі мақсаты – болашақ қариларды, Құран жаттаушы шәкірттерді ынталандырып, олардың рухани дамуына серпін беру. Сонымен қатар еліміздің әсем табиғатын таныстыру арқылы ішкі туризмді дамытуға үлес қосу да көзделді.
Саяхат барысында шәкірттер табиғаттың көркем келбетін тамашалап қана қоймай, ұстаздарынан ұлттық құндылықтар, туған жерді сүю және Құранды жаттаудағы табандылық жайлы тағылымды насихаттар тыңдады.
Шараға қолдау білдірген Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлына мешіт ұжымы мен шәкірттер ризашылықтарын білдірді.



