preloader

Жаңалықтар

Іле ауданының имамдарына арналған он күндік семинар басталды

Іле ауданының имамдарына арналған он күндік семинар басталды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Діни басқарманың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде 2023 жылы атқарылатын жұмыстардың бес бағытын бекіткен болатын. Соның ішінде діни оқу-ағарту бағытына ерекше көңіл бөлу қажеттігі айтылды. Осыған орай, Алматы облысы Іле ауданының имамдарына арналған он күндік семинар басталды.

Алғы сөзді алған Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы бұл семинардың мақсаты дін қызметкерлерінің білімін жетілдіру арқылы, олардың сауатты қызмет етуіне ықпал жасау екенін айтып өтті.

Өз кезегінде өңіріміз бойынша діни ағарту бағытына жауапты маман Сәкен Еншібайұлы осы шараға қатысушы имамдардың зейіндерінің ашылып, білімдерінің артуына тілектестігін білдірді.

Семинардың алғашқы күні имамдарға Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы және Водник ы/а «Арын қажы» мешітінің ұстазы, қари Хусниддин Бувраев дәріс оқитын болады.