preloader

Жаңалықтар

ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР БАСТАЛДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР БАСТАЛДЫ

Алматы облысы, Іле ауданы бойынша «С» санатындағы ауыл имамдарына арналған арнайы семинар өз жұмысын бастады.

Бастапқы деңгейдегі бұл бағдарлама «Құран Кәрім», «Дін мәселелері жайындағы 40 хадис», «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», сондай-ақ «Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі» секілді маңызды тақырыптарды қамтиды. Оқу үдерісі онлайн және офлайн форматта қатар жүргізілмек.

Семинардың ашылуында Алматы облысының діни оқу-ағарту бағытына жауапты ұстаз Сәкен Еншібайұлы қатысып, игі бастаманың маңызын түсіндіріп, имамдарға салиқалы бағыт-бағдар берді.Ауданға қарасты округтерге арнайы ұстаздар бекітіліп, дәрістер кезең-кезеңімен жалғасын табатын болады. Бұл – имамдардың білімін тереңдетіп, рухани қызмет сапасын арттыруға бағытталған жүйелі қадам.