preloader

Жаңалықтар

ИМАМДАР «ДАРХАН ДАЛА» ЖОБАСЫМЕН «СҰРАНШЫ БАТЫР» АУЫЛЫНА БАРДЫ

ИМАМДАР «ДАРХАН ДАЛА» ЖОБАСЫМЕН «СҰРАНШЫ БАТЫР» АУЫЛЫНА БАРДЫ

ҚМДБ Төрағасы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы “Дархан дала” жобасы аясында Алматы облысы, Жамбыл ауданының бас имамы Бақыт Абдиисламұлы бастаған дін қызметкерлері «Сұраншы батыр» ауылына барды.
Ауыл ақсақалдарының төрағасы Жамантаев Ерболат және Шынасыл бабамыздың шөбересі Сәйткиев Жорахан ақсақалдармен бірге аудандық мешіт атауы берілген, үш рет болыстық қызметте болған, беделді би әрі батыр Ақынбекұлы Шынасыл бабамыздың қабірін зиярат етті. Сол қабірде жатқан ата-баба рухына құран оқып, батасы жасалды.
Сонымен қатар Сұраншы батыр ауылдық «Сұраншы батыр» спорт кешенін аралап, спортпен айналысып жүрген жастарға салауатты өмір салтын насихаттап жүрген ағаларымызға өзінің алғысын білдірді.
Шынасыл ата әулетімен оның ішінде Шынасыл ұлы Қаматай, Қаматайұлы Қайрат ағамыздың шаңырағын әрі ауылдық мешіттің тыныс-тіршілігімен де танысты.
Ақ дастархан басында астан ауыз тиіп, аудан имамы Бақыт Абдиисламұлы асыл дінімізбен ата салт-дәстүрімізде дүниеден өткен ата-баба рухын құрмет етудің абзалдығын тілге тиек етіп, Жамбыл Жабаев атамыздың «Жеті атасын білген ер, Жеті жұрттың қамын жер» деген сөзімен тәмамдады. Шынасыл ата әулетіне амандық тілеп тарқасты.