ИМАМДАРДЫҢ БІЛІМІН ШЫҢДАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КУРС
ҚМДБ жариялаған “Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында, Алматы облысы Райымбек ауданының имамдарына арналған “Имамдардың білімін жетілдіру курсы” жоғары деңгейде өтті.
Курс барысында Құран, ақида, фиқһ, хадис ілімдері және концептуалдық құжаттар бойынша терең дәрістер оқылды. Ауданның бас имамы ауыл имамдарына ҚМДБ-ның негізгі құжаттарын таныстырып, мазмұнды баяндама жасады. Нұр-Мүбарак университетінің түлектері, тәжірибелі ұстаздар Еркебұлан Сатыбалдиев пен Мейірлан Біләл шариғат ілімдерінің негізгі бағыттары бойынша тың әрі тағылымды сабақтар жүргізді.
Аудан бас имамы бұл курс алда өтетін “С” санатындағы емтиханға дайындықтың маңызды бір баспалдағы екенін атап өтті.
Курс соңында имамдарға құрмет ретінде арнайы ас беріліп, ақсақалдар бата жасап, шара салиқалы аяқталды.



