preloader

Жаңалықтар

Имамдардың білімін жетілдіру курсы өтті

Имамдардың білімін жетілдіру курсы өтті

Алатау қаласында имамдардың діни білімін арттыруға арналған кезекті семинар өтті. Шараны Алматы облыстық “Қапшағай” мешітінің наиб имамы Сәкен Еншібайұлы жүргізді.

Семинар барысында ол имамдарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының концептуалдық құжаттарын кеңінен түсіндіріп, мазмұнды баяндама жасады. Сонымен қатар, дін қызметкерлерінің Құран, хадис және басқа да пәндерден емтиханға дайындық деңгейлері тексерілді.
Семинарға Алатау қаласының бас имамы Қуаныш Жұмаханұлы қатысып, оқу үдерісіне қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, Құран сабағын алдағы уақытта ұстаз Ельжанның жүргізетінін жеткізсе, хадис пәнінен сынақ өткізілетінін мәлімдеді.
Аталған шара Алатау қаласы мешітінің ұйымдастыруымен өтті және дін қызметкерлерінің білімін жетілдіру бағытындағы игі бастамалардың жалғасы болып саналады.