preloader

Жаңалықтар

«IMAN» ЖУРНАЛЫНЫҢ ӨКІЛІ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

«IMAN» ЖУРНАЛЫНЫҢ ӨКІЛІ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

Алматы облысы «Қапшағай» орталық мешітіне Астанадан аранайы «IMAN» журналының жауапты хатшысы Кеулімжай Құтты келді.

Діни басқарманың төл басылымындарын жарыққа шығарып отырған «Мұнара» газеті мен «IMAN» журналының қоғам руханиятында маңызды рөл атқарып отырғанын жеткізді. «»Мұнара» газеті мен «IMAN» журналы өз оқырманын қалыптастырып, еліміздің ақпарат кеңістігіндегі, соның ішінде діни журналистика саласында өз орны бар басылымға айналды. Әр санында тың, жаңа, мазмұнды, тартымды материалдар жарияланып отыр», — деп атап өтті Кеулімжай Құтты.

Сонымен қатар газет пен журнал діннің өзекті мәселелерін қатар көтеретінін жеткізді. Бүгінде «Мұнара» газеті айына 2 рет, 30 мың таралыммен жарық көрсе, «IMAN» журналы айына 1 рет 16 300 данамен шығады. Маман сонымен қатар отандық журналистикадағы дін тақырыбының маңызына тоқталып, халыққа дұрыс ақпарат берудегі бұқаралық ақпарат құралдарының жауапкершілігі мен міндеті зор екенін айтты. Соңынан имамдар мен ұстаздарға ағартушылық бағытта халық арасына мүфтияттың «Мұнара» газеті мен «IMAN» журналын кеңінен насихаттауды ұсынды.