preloader

Жаңалықтар

ИМАНДЫЛЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ ІРГЕЛІ ЕҢБЕК – ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТ

ИМАНДЫЛЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ ІРГЕЛІ ЕҢБЕК – ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТ

Міне, мәртебелі марапат төрінде – әріптесіміз Ерниязов Мұрат Ходжаниязович! Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының 35 жылдық мерейтойы – ел руханиятының, имандылық пен ізгіліктің даму жолындағы үлкен белес. Осы жылдар ішінде Діни басқарма халқымыздың рухани бағытын айқындап, ел арасында ынтымақ пен бірліктің дәнекері бола білді. Бұл жолда мыңдаған дін қызметкерінің маңдай тері мен қажырлы еңбегі жатыр.

Сол қажырлы тұлғалардың қатарында – Талғар ауданының тыныс-тіршілігінен шет қалмай, 30 жылдан аса уақытын дін жолындағы қызметке арнаған Ерниязов Мұрат Ходжаниязович ағамыздың есімі құрметпен аталады. Аудан мешіттеріндегі іс-басқарушылық жұмыстардың жүйелі жүруі, құжаттамалардың нақтылығы, имам-молдалардың мәртебесін көтеру жолындағы табанды еңбегі – Мұрат ағамыздың діни саладағы адал қызметінің айғағы.

ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкіл имамы Мадияр Тағайбайұлы ағамыздың қолынан 35 жылдық мерекелік медальді алуы – бұл еңбектің еленгені, абыройдың асқақтағаны. Бұл марапат – елге, дінге сіңірілген шынайы қызметтің лайықты бағасы.

Біз де әріптесімізді жүрек жарды ықыласпен құттықтай отырып, алдағы уақытта да имандылық жолындағы ізгі істеріңізге сәттілік, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат тілейміз.
Қызметіңіз әрдайым берекелі, абыройыңыз асқақ болсын, Мұрат аға!