preloader

Жаңалықтар

«Имани жаз-2024» сауат ашу курсы басталды

«Имани жаз-2024» сауат ашу курсы басталды

ҚМДБ тарапынан бекітілген бес бағыттың бірі – «Діни оқу-ағарту» бағытының жылдық жоспарына сәйкес Алматы облысының мешіттерінде «Имани жаз – 2024» жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады.

Аталмыш курс барысында Қонаев қаласы және Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр, Іле аудандарына қарасты құлшылық үйлерінде «Құран әліппесі», «Имандылық әліппесі» «Тәрбие дәрістері» сияқты пәндер оқытылатын болады.