preloader

Жаңалықтар

«ИМАНИ ЖАЗ» ШӘКІРТТЕРІ АРАСЫНДА САЙЫС ӨТТІ

«ИМАНИ ЖАЗ» ШӘКІРТТЕРІ АРАСЫНДА САЙЫС ӨТТІ

Талғар ауданы, Жаңалық ауылындағы «Алаш арыстары» мешітінде «Имани жаз» жазғы сауат ашу сабақтарына қатысқан шәкірттер арасында сайыс ұйымдастырылып, қорытындыланды.

Талғар ауданы мешіттері бойынша 35 шәкірт қатысқан сайыс қорытындысы бойынша жүлделі 1 орын 70 000 теңге — «Жалқамыс» мешіті жеңіп алды. Жүлделі 2 орын 50 000 теңге «Төңкеріс» мешітіне бұйырды. 3 орын 30 000 теңге «Алаш Арыстары» мешіті алды.
Сайысқа қатысқан барлық шәкірттерге ынталандыру сыйлықтары үлестірілді. «Береке» мешітінен бір қыз балаға ынталандыру сыйлығы 15 000 теңге табысталды.
Сайысқа қатысқан шәкірттерге арнайы дастархан жайылып, түскі ас ұйымдастырылды.