“Ислам және адал қоғам” жылы аясында Мадияр қажы Тағайбайұлы дін қызметкерлерімен кездесті
“Ислам және адал қоғам” жылы аясында Мадияр қажы Тағайбайұлы Талғар ауданына қарасты дін қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында облыс имамы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің «Бағдарлық баяндамасын» таныстырды. Сонымен қатар дін қызметінде жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын атап өтіп, имамдарды қызметте белсенді болуға, жамағатпен жүйелі әрі сапалы жұмыс жүргізуге шақырды.
Жиында дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, қоғаммен тығыз байланыс орнату және дәстүрлі құндылықтарды насихаттау бағытындағы жұмыстарды күшейту мәселелері қозғалды.


