preloader

Жаңалықтар

«Ислам және дәстүр құндылығы» атты кездесу өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» атты кездесу өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында ұйымдастырылған кезекті көшпелі жиналыс барысында Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы, өңіріміз бойынша «Дін мен дәстүр» бағытына жауапты маман Ринат Маратұлы Жетісу гуманитарлық-техникалық колледжінде өткен шараға қатысты.

«Дін мен дәстүр құндылығы» тақырыбында өткен кездесу барысында Ринат Маратұлы студент жастармен сұхбат құрып, халқымыздың рухани құндылықтары ата дініміз бен салт- дәстүріміздің терең тамырлы байланысының тағылымды туындысы екендігіне тоқталды.