КЕБІНДЕУ РӘСІМІ – ДІН МЕН ДӘСТҮР ҮНДЕСТІГІ
Балқаш аудандық орталық “Оспанқожа ата” мешітінде «Дін мен дәстүр» аясында тағылымды іс-шара өтті. «Қамқор – Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының бастамасымен мешіт жамағатына мәйітті жуындыру мен кебіндеу рәсімі шариғат негізінде түсіндірілді.
Ер азаматтарға мәйітті жуу, кебіндеу, орау тәртіптері іс жүзінде көрсетіліп, әр кезеңнің мән-маңызы жан-жақты баяндалды. Бас имам шариғат талаптарына сай кебін дайындау, ер мен әйел киімінің айырмашылықтары, өлшемі мен атаулары туралы толық мәлімет берді. Сонымен қатар, өлім мен өмірдің мәні, ысырапшылдықтан сақтану жайлы насихат айтылды.
Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға нақты, тұшымды жауаптар беріліп, шара рухани әрі тәрбиелік маңызымен ерекшеленді.



