Кеген ауданына жаңа бас имам тағайындалды
Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы жұмыс сапарымен Кеген ауданында болды.
Жұма намазының алдында облыс бас имамы Мадияр Тағайбайұлы құлшылық үйінің ұжымы және жамағатына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, жаңадан тағайындалған аудан имамы Рахматулла Моллақанағатұлын таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ, облыс бас имамы бірнеше жыл бойы Кеген ауданының бас имамы болып қызмет атқарған Сығаев Асқар Сатыбалдыұлына алғыс айтып, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты.
Облыс бас имамы Мадияр Тағайбайұлы көпшілікті келе жатқан Құрбан айт мерекесімен құттықтап, «Қасиетті Құрбан айт – ұлық мереке» тақырыбында жұма уағызын айтты.