Кеген ауданында Мәуліт мерекесі аталып өтті
Кеген аудандық Мәдениет үйінде пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) туылған айына орай «Мәуліт – берекемен ынтымақ бастауы» атты рухани шара ұйымдастырылды.
Игі жиынға Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы, аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев, сондай-ақ ауданның зиялы қауым өкілдері қатысты.
Шара қасиетті Құран аятын оқумен басталып, тағылымды уағызбен жалғасын тапты. Сонымен қатар Мәуліт жыры оқылып, қазақы рухты өлеңдер айтылды.
Жиынға жиналған қауым бірліктің, берекенің бастауы болған Мәуліт айының маңыздылығына тағы бір мәрте куә болып, рухани азық алды.



