preloader

Жаңалықтар

КЕГЕН АУДАНЫНДА МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ

КЕГЕН АУДАНЫНДА МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ

Жылдық жоспар негізінде Кеген ауданында 1-қазан қарттар күніне орай ақсақал аталар мен ақ жаулықты әжелерге мәуліт шарасы өтті.

Шарада Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сара жолынан ғибраттар мысалға келтіріп, салауат жырларын бірге айтты. Имамдар мәуліт оқыды. Ауыл ақсақалдары мен әжелерге арнайы дастархан жайылып, Қасиетті Құран Кәрім сыйлыққа берілді. Дін қызметкерлеріне ақсақалдар ризашылықтарын жеткізіп, алғыс бата берді.