preloader

Жаңалықтар

Мадияр Тағайбайұлы ардагер имамға құрмет көрсетті

Мадияр Тағайбайұлы ардагер имамға құрмет көрсетті

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы Райымбек ауданына жұмыс сапары аясында жақында зейнеткерлікке шыққан имам Нұрболат Батталұлымен кездесті.

Мадияр Тағайбайұлы ардагер имамға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық ықыласы мен сәлемін жеткізіп, арнайы алғыс хатты табыс етті. Бұдан бөлек Нұрболат Батталұлының иығына қазақы дәстүрмен шапан жабылып, «Ұлағатты ұрпақ» қоғамдық қорының атынан кіші қажылыққа жолдама берілді.

Сүлейменов Нұрболат Батталұлы ағамыз 1995 жылы алғашқы мүфтиіміз Ратбек қажы Нысанбайұлының қолынан бұйрық алып, Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылдық «Алжан ата» мешітіне молда болып тағайындалған. Содан бері өмірінің 30 жылын асыл дінімізді терең насихаттау жолына арнап, имамдық қызметте болып, осы жылдың мамыр айында зейнеткерлікке шыққан.