preloader

Жаңалықтар

МӘУЛІТ АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

МӘУЛІТ АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті жамағат!

Баршаңызды қасиетті Мәуліт айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл ай – күллі адамзатқа рақым етіп жіберілген сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келген мүбәрак айы.

Мәуліт – бізге ізгілік пен имандылықтың, бауырмалдық пен кешірімнің, қайырымдылық пен әділдіктің үлгісін көрсеткен сүйікті Елшіміздің өмірін еске алып, оның өнегелі жолын жалғастыруға үлкен мүмкіндік беретін ерекше кезең.

Алла Тағала әрбір шаңырағымызға береке, елімізге тыныштық, жүрегімізге иман, ғұмырымызға мейірім нәсіп етсін. Осы мүбәрак ай баршамызға ізгі амалдарымызды арттыруға себепші болсын!

Мәуліт мерекесі құтты болсын!
Алматы облысының бас имамы

Мадияр қажы Тағайбайұлы