МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Балқаш ауданы, Бақанас ауылындағы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Б.Бейсекбаев атындағы орта мектепте 9–11 сынып түлектерімен тағылымды кездесу өтті. «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» атты бұл шараға аудан имамы, теолог Төрежанов Нұрдәулет Тоқанұлы арнайы шақырылып, жас түлектермен сұхбат құрды.
Кездесудің мақсаты – мектептен түлеп ұшқалы тұрған жастарға дәстүрлі ислам дінінің мәнін түсіндіру, жат ағымдардың жетегіне ермеуге шақырып, рухани тұғырлы тәрбие беру. Теолог өз сөзінде дәстүрлі дініміз бен теріс ағымдардың айырмашылығын нақты мысалдармен түсіндіріп, әлеуметтік желідегі діни ақпараттарды сын көзбен қабылдауға кеңес берді.
Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, имамнан тұшымды жауаптар алды. Кездесу соңында жастар Нұрдәулет Тоқанұлына пайдалы ақпарат пен шынайы әңгімесі үшін алғыстарын білдірді.



