preloader

Жаңалықтар

МЕШІТ ИМАМЫНА “ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ” АТАҒЫ БЕРІЛДІ

МЕШІТ ИМАМЫНА “ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ” АТАҒЫ БЕРІЛДІ

30 тамыз – ҚР Конституция күні қарсаңында Алматы облысы, Қарғалы ауылында орналасқан “Сәт” мешітінің имамы Ыбытаев Сейтқали Есімбекұлына “Алматы облысының құрметті азаматы” атағы берілді.

Ата Заңымызды ұлықтау мерекесі қарсаңында Алматы облысының рухани даму саласында сіңірген ерекше еңбегі үшін облыс әкімінің ұсынысы бойынша облыстық мәслихаттың шешімімен берілді.

Ыбытаев Сейтқали Есімбекұлы – 1954 жылы 21 наурызда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. Облыс көлемінде ел бірлігі мен тыныштығы үшін қызмет атқарған. 8 бала тәрбиелеп өсірген үлгілі әке. 1993-1996 жылдары Шамалған ауылының имамы қызметін атқарды. 1996 жылдан бері қазіргі уақытта «Сәт» мешітінің бас имамы. “Жамбыл ауданының құрметті азаматы”, “Алтын қыран” медалінің иегері, “Шотакан” каратэ қара белбеу иегері, “Адам құқығы мен бостандығын қорғаудағы еңбегі үшін” медальдарымен марапатталған.
Ыбытаев Сейтқали Есімбекұлы 1980 жылдан бері Шамалған ауылының тұрғыны. Ауыл экономикасының өсуіне ерекше еңбек сіңірген, мәдениет пен рухани даму жолында жетістіктерге жетіп, абыройға ие халық адамы. 21 сәуір 2021 жылы Қарасай аудандық мәслихат шешімі бойынша, ауданның қоғамдық өміріне белсенді араласып, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына, қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың нығаюына, сондай-ақ қазақстандық патриотизмнің қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін Ыбытаев Сейтқали Есімбекұлына «Қарасай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Кездесу соңында ел амандығын тілеп, бата берілді. Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастап жүрген Сейітқалиұлы Есімбекұлын марапатымен құттықтаймыз!