preloader

Жаңалықтар

МЕШІТКЕ ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

МЕШІТКЕ ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Тоққожаұлының бастамасымен әрі кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен аймақта түрлі игі жұмыстар жүзеге асуда. Солардың бірі де бірегейі аудан мешіттеріне көңіл бөлініп, арнайы темір тұлпардың сыйға берілуі. Күні кеше “Түркістан-1” мешітінде ауданның бас имамы Дәуренбек Жандосұлына қызметтік көлік ретінде “Chevrolet cobalt” автокөлігінің кілті табыс етілді. Бұл әкімдік тарапынан аудан имамдарының жұмысын одан әрі жақсартуға септігін тигізген шара. Өз кезегінде бас имам мешітінің гүлденіп-көркеюі мен іс-шаралардың ойдағыдай ұйымдастырылуына көңіл бөліп, аудан әкімі мен демеушілерге өз алғысын білдірді. Бұдан соң мешіттің ішкі тыныс тіршілігімен таныстырып, алда болатын жоба-жоспарларымен бөлісті. Жалпы ауданда 50 тарта мешіт бар. Тиісінше қайырымдылық шаралары да жиі өтеді. Оған жергілікті билік тарапынан қашан да қолдау зор,- дейді жиналған қауым.