Министр Бас мүфтиге құттықтау хат жолдады
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Ораза айтпен құттықтап, хат жолдады.
«Адамзат баласын татулыққа, тыныштыққа, қайырымдылық пен бейбіт өмір сүруге үндейтін Ислам дінінің игі қасиеттері осы Ораза айында көрінеді. Осы орайда Сізге және ұжымыңызға рухани күш-жігер, зор денсаулық, істеріңізге сәттілік тілеймін. Күллі мұсылман қауымының ұлық мерекесі елімізге тек қуаныш пен жақсылық әкелсін» делінген құттықтау хатында.