«МҮФТИЯТ ҮЗДІГІ – 2024»: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӨКІЛДІГІ 3 НОМИНАЦИЯДА ҮЗДІК АТАНДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қорытынды Төралқа мәжілісі барысында «Мүфтият үздігі – 2024» номинациясымен марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шарада Алматы облысы бойынша өкілдігі 3 номинация бойынша үздік деп танылды. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, номинация иегерлерін марапаттады.
Атап айтсақ:
«Үздік ардагер имам» – Сейтқали Ыбытаев (Алматы облысы)
«Үздік қайырымдылық мекемесі» – «Түркістан» қайырымдылық мекемесі (Алматы облысы)
«Медресе үздік шәкірті» – Айқын Мағауия («Үшқоңыр» медресе-колледжі)
Барша дін қызметкерлерін, имамдар мен ұстаздар, бағыт пен бқлім қызметкерлерін Мүфтият бекіткен биылғы «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында 5 бағыт бойынша атқарған еңбектеріне алғыс айтамыз.