preloader

Жаңалықтар

«Мүфтият үздігі – 2025»: Алматы облысынан үздіктер марапатталды

«Мүфтият үздігі – 2025»: Алматы облысынан үздіктер марапатталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қорытынды Төралқа мәжілісі барысында «Мүфтият үздігі – 2025» номинациясы бойынша салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Айтулы жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, үздік деп танылған дін қызметкерлері мен мешіт ұжымдарын марапаттады.

Аталған марапаттау рәсімі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылып, ел көлемінде 35 номинация бойынша үздіктер анықталды.

Аталған номинациялар қатарында Алматы облысының өкілдері де жоғары марапатқа ие болды. Атап айтқанда, «Үздік қажылық гиді» номинациясымен Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесқайнар мешітінің имамы Байменов Әбілқайыр Яковұлы марапатталды. Ол қажылық маусымында отандастарымызға сапалы рухани қызмет көрсетіп, қажылардың құлшылықтарын дұрыс атқаруына бағыт-бағдар беруде белсенділік танытқан.

Сондай-ақ «Үздік ауыл мешіті» номинациясы Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты «Достық» ауылдық мешітіне бұйырды. Аталған мешіт ауыл тұрғындарының рухани-имани тәрбиесіне, діни сауаттылығын арттыруға және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған жұмыстарымен ерекшеленді.