preloader

Жаңалықтар

Наиб мүфти балаларды оңалту орталығында болып, айтпен құттықтады

Наиб мүфти балаларды оңалту орталығында болып, айтпен құттықтады

Құрбан айт мерекесіне орай ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Қонаев қаласының күндіз болу орталығында болып, мекеме ұжымын және тәрбиеленушілерін ұлық мерекемен құттықтады.

Наиб мүфти бастаған қонақтарды мекеме директоры Римма Төреханқызы қарсы алып, орталық жұмысымен таныстырды. Өз кезегінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы балалардың ой-өрісін дамытуға арналған ойын түріндегі құрылғы – «бизиборд» тақтайшасының 6 данасын аталмыш орталыққа сыйға тартты.