preloader

Жаңалықтар

Наиб мүфти Қонаев жамағатына насихат айтты

Наиб мүфти Қонаев жамағатына насихат айтты

Қасиетті Рамазан айына орай Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінде кезекті ауызашар дастарқаны жайылды. 

Алла Тағаланың разылығы үшін таңнның атысы мен күннің батысы аралығында ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылып, сабыр мен шыдамын шыңдай түскен жамағат ақшам намазынан соң мешіт асханасында бас қосып, мүбәрак айдың берекелі дастарқанына жайғасты.

Рухани жиын басында ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы көпшілікке уағыз айтып, оразаның мән-маңызын түсіндірді.

Айта кетейік, Рамазан айы бойы өңіріміздегі мешіттерде күн сайын 10 мыңға жуық адамға ауызашар беріліп келеді.