Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия мүфтиімен телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Әли Ербашпен телефон арқылы сөйлесіп, бауырлас елде болған қайғылы оқиғаға байланысты тағы да көңіл айтып, ізгі ниетін жеткізді.
«Түркия еліндегі қайғылы жағдай біздің де жанымызға қатты батты. Қазақстандағы барлық мешітте дұға арнайы жасалуда. Алла Тағала Түркия, Сирия жұртына көркем сабыр берсін. Біз сіздермен біргеміз. Раббымыз осы сынақтың артынан жеңілдік пен қуаныш нәсіп етсін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Түркия мүфтиі еліміздегі барша дін қызметкерлеріне алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.