Нұр-Мүбарак университетінде арнайы кездесу өтті
Алматы облысы дін істері басқармасы және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы облысы бойынша өкілдігінің мамандары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде білім алып жатқан өңір азаматтарымен кездесу өткізді.
Шараға облыстық Дін істері басқармасының бөлім бастығы Ерлан Жұманұлы, ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкілдігінің бірінші наиб имамы Дәуренбек Жандосұлы және діни ағарту бағытына жауапты маман Сәкен Еншібайұлы қатысты.
Кездесу барысында исламтану және дінтану мамандықтары бойынша оқып жатқан студенттердің оқуын тәмамдаған соң жұмысқа орналасуына қатысты мәселелер көтеріліп, олардың ұсыныс-пікірлер тыңдалды.