ӨКІЛ ИМАМ «ҰЗАҚ БАТЫР» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ЖҮРГІЗДІ
Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы Райымбек ауданы Сарыбастау ауылы
«Ұзақ батыр» мешітінде жұма намазын жүргізді.
Мешітке жиналған жамағатқа «Кісі ақысын жеу кешірілмейтін күнә» тақырыбында жұма уағызын айтты. Қоғамда кісі ақысын жеудің көріністерін және олардан сақтану үшін кісі ақысы болып саналатын зұлымдық жасау, ұрлық жасау, жемқорлық пен парақорлық, жетімнің ақысын жеуден аулақ болуға шақырды.
Мешіт жамағатымен Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құрметіне мәуліт оқылып, салауат айтылды. Арнайы дастархан жайылып, ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға оқылды.