“ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ-ТІРІГЕ МІНДЕТ” АТТЫ ШАРА ӨТТІ
ҚМДБ-ның 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «QAMQOR-SHARAPAT» салттық-қызмет көрсету орталығының бастамасымен және өңірлік мешіт қызметкерлері, еріктілер мен жамағаттың белсенді қолдауымен сәуірдің 19-26 күндері «Өткенге құрмет – тіріге міндет» атты игілікті шара жүзеге асырылуда.
Аталған шара аясында Алматы облысы Талғар ауданының мешіттері қауымдасып, зират басына жиналды. Алдымен, ата-бабалар рухына Құран аяттары бағышталып, ізгі тілекпен дұға жасалды. Кейіннен зираттар аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл – өткенге тағзым етіп, тірілерге тәрбие болатын өнегелі қадам. Осындай рухани іс-шаралар ұлттың болмысы мен діни санасының кемелденуіне үлес қосары сөзсіз.



