preloader

Жаңалықтар

«Ортағасырлық түркі тілі – бабалар қазынасы» тақырыбында семинар өтті

«Ортағасырлық түркі тілі – бабалар қазынасы» тақырыбында семинар өтті

Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2023 жылғы бағдарлық баяндамасында айтылған көне түркі әдеби тілінде жазылған кітаптарды оқуға арналған курстар ашуға байланысты тапсырмасына сәйкес «Ортағасырлық түркі тілі – бабалар қазынасы» тақырыбында семинар өтті.

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының ұйытқы болуымен түркі (шағатай) тілін меңгеру арқылы ортағасырдағы бабаларымыздың мұра-жазбаларын оқып, халыққа насихаттау және жат ағымдармен жұмыс барысында пайдалану мақсатында ұйымдастырылған танымдық шараға Ғылым ордасы, Сирек кездесетін кітаптар музейінің меңгерушісі, ғылыми қызметкер Асқар Асанұлы және Алматы қаласы, Түрксіб ауданындағы «Макка» мешітінің бас имамы Рахматулла Моллоқанағатұлы қатысып, дін қызметкерлеріне түркі тілінің даму тарихын және осы тілді меңгерудің оңтайлы тәсілдерін үйретіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Осыдан кейін Алматы облысы бойынша діни ағарту бағытына жауапты маман Сәкен Еншібайұлы имамдар мен ұстаздарды түркі тіліндегі жазбаларды оқуға қатысты сабақ кестесімен таныстырды.