preloader

Жаңалықтар

Президент кеңесшісі Балқаш ауданында

Президент кеңесшісі Балқаш ауданында

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлы Алматы облысына қарасты Балқаш ауданында болды.

Іс-сапар барысында Мәлік Нұржанұлы Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы бастаған жергілікті дін қызметкерлерімен кездесіп, 2024 жылы 15 наурыздағы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам — Адал еңбек — Адал табыс» — атты үшінші отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың берген тапсырмаларын орындау бойынша түрлі діндер мен конфессияларды жақындастыруды, қоғам белсенділерін, жастарды тарта отырып, қазіргі заманғы өзекті мәселелерге қатысты диалог орнату мақсатында әңгіме жүргізді.