preloader

Жаңалықтар

Қайырымдылық – иманның айғағы

Қайырымдылық – иманның айғағы

Ұйғыр ауданының бас имамы Алмат Абдімүтәліпұлы Аширбаевтың ұйытқы болуымен Үшқоңыр медресе-колледжінің шәкірті, Ұйғыр ауданының тумасы Болатұлы Қайсар бауырымызға оқу ақысына 250 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Бұл игі іс — білім жолындағы жас шәкіртке қолдау болып, сауапты амалдардың біріне айналды.

Медресе ұжымы атынан демеушілік танытқан азаматтарға ризашылық білдіріліп, Алла Тағаладан разылық пен істеріне береке тіленді. Осындай қайырымдылық шаралары шәкірттердің ынтасын арттырып, олардың білімге деген құлшынысын күшейтуде маңызды рөл атқарады.

«Кімде-кім білім жолына түссе, Алла оған жәннатқа жолды жеңілдетеді» (хадис).