preloader

Жаңалықтар

«ҚАПШАҒАЙ» ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНЕ НАИБ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«ҚАПШАҒАЙ» ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНЕ НАИБ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Алматы облысы, Қонаев қаласы «Қапшағай» облыстық орталық  мешітіне наиб имам тағайындалды.

Қасиетті жұма намазына жиналған жамағатқа ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Серік Мағаз «Қапшағай» облыстық орталық  мешітіне үш айлық сынақ мерзімімен наиб имам болып тағайындалуы туралы бұйрығы таныстырылды. Серік Мағаз бұған дейін Түркістан облысы, Түлкібас ауданы «Түлкібас ата» мешітінің бас имамы қызметін абыроймен атқарған.

Мешіт ақсақалдары ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға оқып, имамдардың қызметіне сәттілік тілеп бата жасады.