preloader

Жаңалықтар

«ҚАПШАҒАЙ» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ

«ҚАПШАҒАЙ» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ

Бүгін қасиетті жұмада Қонаев қаласы «Қапшағай» орталық мешітінде мәуліт оқылды.

Айтулы шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы және дін қызметкерлері қатысты. Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) және оның әулетіне салауат айтылды, Жұма намазына жиналған жамағат та адамзаттың асыл тәжі болған, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айының құрметіне орай мәуліт жырын оқып, салауат айтты. Имамдар Құран Кәрім сүрелерін оқылып, мешіт ақсақалдары бата берді.  Алла Тағаладан елімізге амандық, жерімізге тыныштық тіледі.