Қапшағай орталық мешітінде “Мүфтият” баспасының кітап жәрмеңкесі өтті
Алматы облыстық “Қапшағай” орталық мешітінде жұма намазы күні ҚМДБ “Мүфтият” баспасының кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – жамағат арасында діни, рухани және тәрбиелік мазмұндағы әдебиеттерді насихаттау, оқырман мәдениетін дамыту.
Жәрмеңкеде ҚМДБ баспасы шығарған Құран тәпсірі, хадис жинақтары, имандылық, ихсан, отбасылық құндылықтар мен ұлттық тәрбиеге қатысты кітаптар жамағат назарына ұсынылды.
Іс-шара соңында жамағат алғыстарын білдіріп, пайдалы кітаптардан өздеріне қажетті еңбектерді сатып алды.



