ҚАРАСАЙ АУДАНЫ: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР ӨТТІ
Наурыздың 26-нан 27 -сіне қараған түні күн батқан уақытта Қасиетті Қадір түні кіреді.
Осыған орай Алматы облысы Қарасай ауданы “Түркістан” мешітінде әйел жамағатына семинар кеші өтті. Семинардың мақсаты: әйел жамағатына Қадыр түнінің құндылығын түсіндіру болды.
Қарасай ауданы “Түркістан-1”мешітінің Балжан Сағымбек ұстазы Әйелдер жамағатына “Қадыр” сүресінің тәпсірін айтып өтті. Кеш қасиетті Құранмен ашылды.
Семинарға Алматы облысы әйел-қыздар сектор жетекшісі Назерке Әкішқызы мен рухани ұстаз, дінтанушы, “Ұлт анасы” ұйымының ұстазы Құралай Жарбол ханым қонақ болып келді. Шара жүргізушісі Қарасай ауданының ұстазы Севара Собурова өз тарапынан әйел адамның рамазандағы амалдарын,қадыр түнінің қасиетін айтып кетсе, қонақтарымыз жамағаттың сұрақтарына жауап берумен болды. Кеш соңында Пайғамбарымызға салауат айтылып, бата жасалды. Алланың мейірімінен үміт еткен әрбір адам Қадір түні кірместен бұрын толық шомылып, дәрет алып, таза киім киіп, үстіне хош иісті әтір сеуіп, қасиетті түнді күтуге дайындық жасауы тиіс екендігі айтылды. Әйел- қыздар сектор жетекшісі өз тарапынан кешті ұйымдастыруға үлкен үлес қосқан мешіттің ұжымына ризалығын білдірді.



