preloader

Жаңалықтар

ҚАРАСАЙ АУДАНЫ: ЕРЛЕР ЖАМАҒАТЫ АРАСЫНДА АРНАЙЫ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

ҚАРАСАЙ АУДАНЫ: ЕРЛЕР ЖАМАҒАТЫ АРАСЫНДА АРНАЙЫ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жібек жолы ауылы, Жақсылық Үшкемпірұлы мешітінің діни сауат ашу курсына қатысып, Құранға түскен ерлер жамағатына арнайы сертификат табысталды.

Шарада білім қуған шәкірттерге дініміздегі білім алудың орны мен Құран оқып-үйренудің шарапаты туралы уағыз айтылды. Іс-шараны ұйымдастырып, бас-қасында жүрген мешіт имамы Құдайбергенұлы Шохан білім алған шәкірттерге алғыс білдіріп, олардың білім сапарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, дініміздегі білім алушылардың артықшылығы туралы айтты. Жиын барысында берекелі дастархан жайылып, ерлер қауымы ақ батасын берді.