preloader

Жаңалықтар

ҚАРАСАЙ АУДАНЫ: ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

ҚАРАСАЙ АУДАНЫ: ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

Алматы облысы, Қарасай ауданының орталығында орналасқан “Үшкемпірұлы Жақсылық” мешітінде ерекше рухани һәм спорттық шара өтті. Жамағат арасында өткен шағын футбол турнирі – тек жарыс емес, ынтымақ пен бауырластықтың символы болды. Бұл игі істі Алматы облысы бойынша “Жастар ісі” секторының жауапты маманы Құдайбергенұлы Шохан ұйымдастырды.

Аталмыш турнир салауатты өмір салтын насихаттап, жамағат арасындағы татулықты нығайтуды мақсат етті. Жарысқа 15 команда қатысып, әрбірі өз жас ерекшелігіне қарай бақ сынады. Жас мөлшерімен жіктелген бұл бәсекеде мықтылар анықталды:
2003 жылғы жігіттер жеңіс тұғырынан көрініп, 30 000 теңге көлеміндегі бас жүлдеге ие болды.
1999 жылғы командаII орын, жүлдесі – 20 000 теңге.
1991 жылғы жігіттерIII орын, жүлдесі – 10 000 теңге.

Жарыс барысында ерекше көзге түскен ойыншылар да марапатсыз қалмады. Үздіктер арнайы аталым бойынша алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды:

  • Асқар – «Үздік қақпашы»

  • Есет – «Үздік қорғаушы»

  • Примбетов Азамат – «Үздік шабуылшы»

Жарыс соңында қатысушыларға жайылған дастархан, бірлік пен мейірімнің айғағы іспетті болды. Мұндай шаралар – тек спорт емес, жүректерді біріктіретін алтын көпір.