ҚАРАСАЙ АУДАНЫ: КӨКСАЙ АУЫЛЫНДА СТУДЕНТТЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жыл басындағы бағдарлық баяндамасындағы тапсырмаға сәйкес Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Көксай ауылындағы “Құртқа” мешітінің жанынан студенттер үйі ашылды.
Ашылу салтанатына Алматы облыстық “Қапшағай” мешітінің найб имамы Ринат Маратұлы, Қарасай аудандық “Түркістан — 1” мешітінің бас имамы Дәуренбек Жандосұлы және ауыл ақсақалдары мен мешіт жамағаты қатысты. Студенттер үйінің ашылуы Қасиетті Құран Кәрім оқумен басталды. Ринат Маратұлы ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының құттықтау сәлемін жеткізіп, жамағатты Студенттер үйінің ашылуынаалғысөз сөйледі. Аудан имамы Дәуренбек Жандосұлы сөз алып, құрылыс барысына атсалысқан жандарға ізгі тілегін білдірді. Жиын соңында жиналған көпшілікке арнайы дастархан жайылып ас берілді.