preloader

Жаңалықтар

ҚАРАСАЙ АУДАНЫ: “ТҮРКІСТАН-1” МЕШІТІНДЕ МЕКТЕП ЖАБДЫҚТАРЫ ҮЛЕСТІРІЛДІ

ҚАРАСАЙ АУДАНЫ: “ТҮРКІСТАН-1” МЕШІТІНДЕ МЕКТЕП ЖАБДЫҚТАРЫ ҮЛЕСТІРІЛДІ

Алматы облысы, Қарасай аудандық 《Түркістан-1》мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Қарасай ауданының бас имамы Дауренбек Жандосұлы қайырымдылық шарасының мақсатын түсіндіріп, демеушілік көрсеткен жомарт жандарға алғыс айтты.
Қайырымдылық шарасы аясында жағдайы төмен, көп балалы отбасында тұратын 100 оқушыға (жазу сызуға керекті жабдықтармен толтырылған мектеп сөмкесі) үлестірілді. Жаңа оқу жылына дайындық жасап жатқан көп балалы, тұрмыстық жағдайы төмен отбасындағы балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатындағы қайырымдылық шарасына ата-аналар ризашылықтарын жеткізді.