Қарасай ауданы, Түркістан-1 мешітінде “Қадір түні – мың айдан да қайырлы” атты рухани семинар өтті
Қарасай ауданы, Түркістан-1 мешітінде қасиетті Қадір түнін тақырып еткен “Қадір түні – мың айдан да қайырлы” атты рухани семинар ұйымдастырылды.
Семинарды мешіттің наиб имамы Марат Әмірұлы ашып, қасиетті Қадір түнінің маңыздылығы мен мұсылман өміріндегі орны жайында насихат айтып, жамағатты рухани тәрбиелеу бағытында бағыт-бағдар берді. Шара барысында Алматы облысы әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы және Жамбыл облысы, Ұзынағаш ауылы Шынасыл мешітінің ұстазы Ажар Қайратқызы қатысып, Қадір түнінің қадір-қасиеті, оны құлшылықпен өткізу жолдары, сондай-ақ имандылықты күшейтуге арналған маңызды кеңестермен бөлісті. Жамағат семинар барысында рухани әсер алып, қасиетті түнді тиімді өткізуге қатысты пайдалы насихат тыңдады. Қатысушылардың пікірінше, шара жүрекке ұялайтын тәрбие мен имандылыққа баулу тұрғысынан ерекше мәнге ие болды.



