preloader

Жаңалықтар

ҚАРАСАЙ АУДАНЫ: “ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРҰЛЫ” МЕШІТІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

ҚАРАСАЙ АУДАНЫ: “ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРҰЛЫ” МЕШІТІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жібек жолы ауылы “Жақсылық Үшкемпірұлы”атындағы мешітінде ауқымды “ Мектепке жол” қайырымдылық іс-шарасы өтті.

ҚМДБ Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан “Мектепке жол” республикалық қайырымдылық шарасы Алматы облысы бойынша бірнеше аудандарда ұйымдастырылып, көмекті тиісті орындарға жеткізілуде. Ізгі шараға қатысқан ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қоры Алматы облысы бойынша жауапты маманы Ринат Маратұлы ауыл тұрғындарына Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының сәлемін жеткізіп, жаңа оқу жылында оқу озаттары болуын тіледі. Қарасай ауданының бас имамы Дауренбек Жандосұлы, ауыл имамы Шоқан Құдайбергенұлы насихат айтып, көпшіліктің рухани азықтануына себепші болды. Іс-шараның негізгі мақсаты  мектепке жол бастап, жаңа оқу жылына қадам басқалы тұрған 300 балаға сөмке сыйлап, қуанту.

Қайырымдылық көмек алған ата-аналар мен балалар қуанып, жылдағы дәстүрмен ұйымдастырылған іс-шара үшін дін қызметкерлеріне ыстық лебіздерін білдірді. “Мектепке жол” қайырымдылық шарасына ат салысқан барлық жандарға алғыс айтылды.