preloader

Жаңалықтар

Іле ауданы: Қасапшыларға арналған семинар өтті

Іле ауданы: Қасапшыларға арналған семинар өтті

Алматы облысы Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінде «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» атты семинар ұйымдастырылды.

Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып отырған танымдық шараның мәні мен мақсатын түсіндірсе, «Халал Даму» ЖШС-нің Алматы облысындағы жауапты өкілі Жәнәбіл Ахметбекұлы қасапшы азаматтарға шариғат талаптарына сәйкес мал союдың жөн-жосығын туралы кеңінен айтып берді.

Жиын соңында 10 елді мекеннен келген азаматтар қасапшылық сертификатын алуға өтініштерін жазып, ұсыныстарын білдірді.