ҚАСКЕЛЕҢДЕ ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР ЖАМАҒАТЫ МӘУЛІТ КЕШІН ӨТКІЗДІ
Қаскелең қаласындағы мәдениет үйінде ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторы Алматы облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Сырға толы салауат» атты рухани мәулет кеші өтті.
Адамзаттың Ардақтысы, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айы мәуліттің құрметіне ұйымдастырылған іс-шара қасиетті құран аяттарымен басталды. Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының құттықтауы мен ыстық ықыласын жеткізді. Саханалық қойылымдар қойылып, иләхи әндер мен термелер орындалды. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғұмырынан хижреттің 4-5 жылдар окиғасының жырлануын көрермен ерекше қабылдады. Салауат жырлары айтылған рухани кешке Алматы облысында өкілдік тарапынан зағип жандарға арналған «Брайл дәрістерін» оқыту курсының шәкірттері және Үшқоңыр медресе-коледжінің шәкірттері қатысты. Рухани кеш соңында ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының ұстаздары ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, барша жамағатты мәуліт айымен құттықтады.