preloader

Жаңалықтар

«Қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі» тақырыбында кеш өтті

«Қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі» тақырыбында кеш өтті

Қарасай ауданына қарасты «Көжекбай» ата мешітінде «Қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі» тақырыбында кеш ұйымдастырылды.

«Әйел адам бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген сөзді негізге алған құлшылық үйінің ұстаздары Жаналиева Назерке және Сарыева Сәуле өз баяндамаларында салиқалы әйелдің отбасының ұйытқысы, қоғамға эмоционалды сау тұлға тәрбиелеп бере алатын тәрбиеші, ақылшы екендігін айтып берді.

Бұдан бөлек, ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Әркімге өзіне тиесілі құрмет көрсетіңдер», — деген хадисіне сай қасиетті Құранмен қауышқан нәзік жандарға құрмет көрсетілді.