preloader

Жаңалықтар

Талғар ауданы: «Қажының рухани келбеті» атты семинар өтті

Талғар ауданы: «Қажының рухани келбеті» атты семинар өтті

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының тапсырмасына орай Талғар ауданында «Қажының рухани келбеті» атты семинар ұйымдастырылды.

Шараның алғысөзін алған Талғар ауданының бас имамы Нұржан Пірәліұлы көпшілікке қажылықтың мән-мағынасы және сауабы туралы насихат айтты.

Осыдан кейін Алматы облысы бойынша қажылық бөлімінің бас маманы Спамақун Асиғат «Қажының рухани келбеті» тақырыбында сөз сөйледі. Өз кезегінде Жаңалық ауылдық «Алаш арыстары» мешітінің имамы Руслан Амангелдіұлы да жиналған қауыммен қажылыққа қатысты қажетті мәліметтермен бөлісті.

Айта кетейік, биыл конкурстық негізде 16 туроператорға жалпы саны 5081 қажылық орны бөлінді. Қажылар 2-10 маусым аралығында қасиетті сапарға аттанып, маусым айының 21-28 аралығында елге оралады деп жоспарлануда. Тасымалдау жұмыстары биыл Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан және Ақтау қалаларынан жүзеге асады. Қазақстандық қажыларға отандық «Air Astana» мен «SCAT», сондай-ақ «Flynas» (Сауд Арабия Корольдігі), «Air Arabia» (БАӘ), «Jazeera» (Кувейт) мен «Turkish Airlines» (Түркия) сынды халықаралық әуе компаниялары қызмет көрсетеді.