preloader

Жаңалықтар

ҚМДБ делегациясы Индонезиядағы халықаралық конференцияға қатысуда

ҚМДБ делегациясы Индонезиядағы халықаралық конференцияға қатысуда

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Діни басқарма делегациясы Индонезияға Нахдлатул Улама ұйымының арнайы шақыруымен келді.

Бас мүфти Оңтүстік-шығыс Азияға сапарында бірқатар маңызды кездесулер өткізіп, халықаралық конференцияда сөз сөйлейді деп күтілуде. 

Бүгін Индонезияның Сурабая қаласында «Ислам фиқһы жаһандық өркениет үшін» бірінші халықаралық конференция басталды. Жиын Қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, алдымен сөз Шығыс Ява аралының Губернаторы Хофифа Индарға берілді. Сонымен қатар алқалы жиында әл-Азһар уәкілі Мұхаммед ад-Дуини, Нахдлатул Улама ұйымы Орталық кеңесінің Бас директоры Мифтахул Ахияр, Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед ибн Абдулкарим әл-Исса, Индонезия вице-президенті Мааруф Әмин сөз алып бүгінгі конференцияның маңызына тоқталды.

Айта кетейік, Сурабаяда тұңғыш рет ұйымдастырылған конференцияға 75 мемлекеттен 300 ғалым мен дін басылары қатысуда. Бүгін Ислам фиқһы бойынша пленарлық отырыстар кешке дейін жалғасады.